ОСК: Қызылордалықтар ең көп дауыс берген

Сурет: gov.kz
Сайлаушы ретінде тізімге енгізілген азаматтардың 54,19 пайызы саяси шараға қатысып дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты.

Оның сөзінше, таңдаушылардың белсенділігі жағынан Қызылорда облысы көш басында. Сыр бойында халықтың 67,21 пайызы сайлауда дауыс берген.

Ал, екінші орында Солтүстік Қазақстан облысы тұр. Мұнда дауыс берушілердің 65,25 пайызы сайлау учаскелеріне келген, деп жазады qazaqstan.tv.

Алғашқы үштікті 65,21 пайызбен Жамбыл облысы қорытындылап тұр. Ал, халықтың белсенділігі Алматы қаласында төмен екендігі байқалды.

Дауыс беруге мұнда сайлаушылардың 25,82 пайызы ғана келген. Астана мен Шымкентте де белсенділік төмен болды. Елордада 42,91 пайыз болса, Шымкентте 45,46 пайыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды