Доллар бағамы 5 теңгеге арзандады

Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 5,43 теңгеге төмендеп, 457,29 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, Алматы уақытымен 12:00-де 67,30 теңге (+0,59) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 493,48 теңге, рубль бағамын 5,99 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 455-460 теңгеден, еуро 491-498 теңгеден, ресей рублі 5,7-6 теңгеден саудаланып жатыр.

Жұма, 24 наурызда мұнай бағасы төмендеді. Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстері барреліне 0,24%-ға арзандап, 75,73 доллар болды, WTI маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстері 0,23%-ға арзандап, 69,8 доллар болды.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды