Қарағанды облысында құтқарушылар 30-ға жуық адамды қар құрсауынан эвакуациялады

Сурет: Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі
25 наурызға қараған түні Қарағанды ​​облысы Осакаров ауданында жергілікті маңызы бар "Приишимское ауылы - Шоқай кент" тас жолдың бойында жолаушылар мінген автобус қар құрсауында қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана-Алматы бағытымен келе жатқан автобус Осакаровкадан 50 шақырым жерде тоқтаған.

Оқиға орнына ТЖД күштері жіберілді.

Өрт сөндіруші-құтқарушылар автобустан 28 адамды,оның ішінде бір баланы Осакаровка ауылына эвакуациялады. Жолаушылардың бірі денсаулығына байланысты ауруханаға жеткізілді. Қалғандары медициналық көмекті қажет етпеді.

Қарағанды облысы ТЖД ауа райы қолайсыз болған кезде түнгі уақытта алыс жолға шықпауға кеңес береді.

Қарағанды
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды