Қызылорда облысында екі жасар бала құдыққа құлап өлді

Сурет: kzvesti.kz
Қызылорда облысында екі жасар бала құдыққа түсіп көз жұмды. Оқиға 24 наурызда Жаңақорған ауданы Қандөз ауылында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"24 наурыз сағат 13:54-те департаменттің дағдарыс жағдайында басқару басқармасына төмендегіше хабарлама келді: Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылы, С.Молдалиев көшесіндегі тұрғын үйде 2021 жылы туған Түркістан облысы Сауран ауданы Балтакөл елді мекенінің тұрғыны бүгін сағат 11:30-да шамасында ауладағы су алатын құдыққа түсіп қайтыс болды". Қызылорда облысы ТЖД

Қайтыс болған бала Жаңақорған ауданы Қандөз ауылы С.Молдалиев көшесіндегі тұрғын үйге, яғни нағашысының үйіне қыдырып анасымен бірге келген.

Департамент тұрғындарға балаларды бір минутқа да қараусыз қалдырмауды ескертті.

Қызылорда
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды