Қарлы боран мен найзағайлы жаңбыр: үш күнге арналған ауа райы болжамы

Сурет: pexels
Синоптиктер Қазақстандағы 28-30 наурызына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республика аумағының батыс бөлігі төмен қысымның ықпалында болады. Соның әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады.

Синоптиктердің болжауынша, фронтальды бөліктердің өтуі әсерінен 29 наурызда солтүстікте, күндіз орталықта, 29-30 наурызда шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

30 наурызда күндіз қалың қар жауады. 29-30 наурызда оңтүстікте, оңтүстік-шығыс аймақтарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Республикада тұман басып, жел күшейеді. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік пен шығыста көктайғақ болады.

30 наурызда республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы күндіз 5 градус аяз, 5 градус ыстыққа дейін төмендейді деп болжанды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды