Кен астында қалған ер адам қазасына жұмыс беруші кінәлі екені дәлелденді

Сурет: pixabay
Арнайы құрылған комиссияның тексеруі Қарағанды ​​облысындағы карьердегі кен үйінділерінің астында жұмысшының қаза болуына "Nova-Цинк" кәсіпорны басшылығы 100% кінәлі екенін көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға қаңтар айында болған. Кенді бұрғылау барысында 23 жастағы ер адам кен астында қалып, тұншығып қайтыс болды.

Істің барлық мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылды. Тергеу екі айға созылды. Нәтижесі қайғылы оқиғаға жұмыс беруші кінәлі екенін көрсетті, деп хабарлайды AstanaTV.

"Жұмыс берушінің кінәсі 100% анықталды. Жұмыс беруші қауіпсіз жұмыс үшін арнайы құрылғыны қолданбайды. Сонымен қатар жұмыс беруші кәсіптік қауіптерді де бағаламаған. Инженерлік-техникалық қызметкерлер тарапынан бақылау әлсіреген".Қарағанды ​​облысы бойынша еңбек инспекциясы жөніндегі департаментінің баспасөз хатшысы Айзада Жұмабекова

Қайғылы оқиға 25 қаңтарда кен өндіретін карьерде болған. Ер адам жұмыс кезінде кен астында қалып кетті. Тұншығып, сол жерде қайтыс болды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды