Жаркентке жақын тас жолдағы ірі көлік өртінің егжей-тегжейі белгілі болды

Сурет: видеодан скриншот
28 наурыз күні таңертең Жаркенттен 15 шақырым жерде тас жолда жүк көлігінің тіркемесі өртеніп кетті. Жетісу облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz-ке оқиғаның мән-жайын айтып берді.

Өрттің видеосы Instagram- дағы парақшалардың біріне жарияланған.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі зардап шеккендер жоқ деп нақтылады.

"Шақырған жерге жеткенде ТЖД өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мата мен төсек-орын жабдықтары тиелген жүк көлігінің тіркемесі толығымен ашық отқа оранғанын анықтады".Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар өрттің шығу себебі анықталып жатқаны айтылды.

Бұған дейін Самара-Шымкент тас жолында екі ауыр жүк көлігінің соқтығысқаны хабарланған еді. Бір жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды