Алматыда құны 6 млрд теңге болатын жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды

Сурет: Zakon.kz
Мемлекетке 7 жыл бойы пайдаланылмаған жер учаске қайтарылды. Ол Алматы қаласының Медеу ауданында Назарбаев даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында орналасқан. Аталған территория орталық мемлекеттік мұражай ғимаратының маңында болып табылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұрын ол арада әскери госпиталь болған. Жер кадастрының сайтында көрсетілгендей, бұл учаске 20-315-021-540 нөмірі бойынша тіркелген. 


Сурет: Zakon.kz


Жер телімінің мақсаты: "автопаркинг және халыққа қызмет көрсету объектілері бар көпфункционалды әкімшілік-қонақ үй тұрғын үй кешені үшін".


Сурет: aisgzk.kz



Бұған дейін Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі Zakon.kz-ға жер учаскесін мемлекетке қайтарылғаны туралы хабарлаған. 2014 жылы нарықтық құны 6 млрд теңгеден асатын, жалпы ауданы 3,8484 гектар болатын жер учаскесі "Достық строй" құрылыс компаниясы" ЖШС меншігіне өткен болатын. 


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды