"Ақысын криптовалюта түрінде алған". Ақмола облысында есірткіні жасырын жерге қойып кетуші қолға түсті

Полиция, Ақмола облысы, криптовалюта, есірткі, жасырын жерге қойып кетуші  , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2026 20:54 Сурет: polisia.kz
Бурабай ауданының 37 жастағы тұрғынының есірткі заттарын сақтауға және буып-түюге қатысы бар екені туралы полицияға ақпарат келіп түсті. ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның тұрғылықты жерін тінту барысында арнайы жабдықталған жасырын жерде орау материалдары, зип-лок пакеттері, изолента, электрондық таразы, магниттер, сондай-ақ жалпы салмағы 274,15 грамм 280 түйіншек мефедрон тәркіленді.

"Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, күдікті қолға түскен кезде есірткі қолданбаған. Бір жылға жуық уақыт бойы ол Щучинск қаласында есірткіні жасырын қойып кетумен айналысқан. Куратордың нұсқауы бойынша әрекет етіп, есірткі заттарын таратқаны анықталды. Ол заңсыз қызметі үшін сыйақыны криптовалюта түрінде алған, оны кейіннен мобильді қосымшалар арқылы банк карталарына аударып отырған". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: