Ерлан Қошанов парламент мәжілісінің төрағасы болып сайланды

Сурет: parlam.kz
Мәжіліс депутаттары палата спикерін сайлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәжіліс төрағалығына Ерлан Қошановтың кандидатурасын депутат Бақтықожа Ізмұхаметов ұсынды.

Мәжіліс спикері жасырын дауыс беру арқылы сайланды. Ол үшін депутаттар арасынан Санақ комиссиясы құрылды. Санақ комиссиясы дауыс беру барысын және дауыстарды санауды қадағалады.

Санақ комиссиясы жасырын дауыс беру нәтижесін жариялады. 96 депутат дауысын Ерлан Қошановқа берді.

"Парламент мәжілісінің Төрағасы болып депутат Қошанов Ерлан Жақанұлы сайланды".

Ерлан Қошанов 1962 жылы Қарағанды облысында туған. 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Институтты бітіргеннен кейін Жезқазған кен-металлургия комбинаты байыту фабрикасының слесары, шебері болып жұмыс істеген.


Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды