Тимофей Скатов Challenger турнирінің ширек финалына шықты

Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші, әлемнің 155-ракеткасы Тимофей Скатов Жирондағы (Испания) Challenger турнирінің екінші айналымында сербиялық Милян Зекичті (әлемнің 214-ракеткасы) жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:0, 6:4 есебімен сенімді түрде жеңді.

Тимофей Скатов енді ширек финалда ресейлік Иван Гаховқа қарсы ойнайды.

Ал Бейбіт Жұқаев (әлемнің 343-ракеткасы) Францияның Лилль қаласындағы Challenger-де сенсация жасай алмады. Қазақстандық теннисші аустралиялық Макс Перселден (әлемнің 99-ракеткасы) 6:7 (1:7), 6:2, 6:7 (5:7) есебімен жеңілді.

Сонымен бірге Лилльде Михаил Кукушкин (әлемнің 275-ракеткасы) бірінші айналымда француз Кенни де Схепперден (әлемнің 348-ракеткасы) 2:6, 3:6 есебімен ұтылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды