Екібастұзды қою қара түтін басты: ЖЭО түсінік берді

Сурет: astanatv
Екібастұзды қою қара түтін басты. Тұрғындар жағымсыз иістен тұншығып жатқандарын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұрғындардың айтуынша, бұл қаланың жылу орталығынан шыққан. Көкке ұшқан күл көліктер мен тұрғын үйлерді басып қалған. Бұл туралы Astana TV хабарлады.

Осыдан кейін дереу тексеру жүргізген экологтар атмосферада зиянды қалдық мөлшері нормадан аспағанын айтып, тұрғындарды сабырға шақырды.

Алайда тұрғындар қалада тыныс алудың өзі қиындағанын айтты. Бұған қатысты Екібастұз жылу орталығы түсініктеме берді.

"Қазіргі жылу орталығында мамандар 3 қазандықты жөндеуге дайындап жатыр. Сол себепті қазандықта қалған көмірді толығымен жағып, қондырғының ішін тазалау, күйелеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл - жөндеу жүргізу алдында жасалуға міндетті шаралар. Сондықтан тұрғындарды түсіністікпен қарауға шақырамыз. Биыл жылу орталығындағы 8 қазандыққа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі".Екібастұз жылу электр орталығы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды