Павлодар облысында ер адам анасымен жанжалдасқаны үшін қамауға алынды

Сурет: ҚР ІІМ
Сағат 08.30-да Чигириновка ауылында 53 жастағы ер адам бірге тұратын әйелі екеуі мас күйде 73 жастағы анасына қарсы жанжал шығарған.

Азаматтық ерлі-зайыптылар балағат сөздер айтып, анасының тыныштығын бұзды. Ұлының қорлауына төтеп бере алмаған анасы жанжалды шешу үшін полиция шақырды. Келгеннен кейін учаскелік полиция инспекторы 19 ақпанда зейнеткердің қауіпсіздігі мақсатында ұлының атына 30 тәулік мерзімге қорғау ұйғарымы шығарылғанын анықтады. Алайда ұлы сабақ алмаған. Қайтадан анасымен жанжалдасқан. Оның отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қарсы іс-қимылдар жасауына байланысты бірге тұратындар – отбасылық жанжалқорларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі және 461-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалды, – деді Павлодар облысы Шарбақты ауданы полиция бөлімінің бастығы Нұрғали Омарбеков.

Материалдар сотта қаралды, оның шешімі бойынша бұзақылар 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды