Өскеменде өртенген бес қабатты тұрғын үйден бір адам құтқарылып, 10-ы эвакуацияланды

Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Өскеменде бес қабатты тұрғын үйде өрт болды. Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер тұрғын ұй тұрғындарын бірден эвакуациялауға кірісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 31 наурызда Өскемендегі Астана көшесінде бес қабатты тұрғын үйден өрт шыққан. Үшінші қабаттағы пәтерлердің бірі отқа оранған. Белгілі болғандай, өртенген пәтерде ешкім болмаған. Газ-түтіннен қорғау қызметінің отряды тексеру кезінде подъезден кейуананы тауып, мамандандырылған жасақ бастығының көмекшісі Нұртас Нұрсейітов оған сыртқа шығуға көмектесті.


"Бір мезетте аталған тұрғын үй пәтерлерінен өрт сөндірушілер 10 адамды эвакуациялап, "Вахта" атауындағы жылы көлікке орналастырды. Отқа оранған пәтердің залында жиһаздар мен жекелеген заттар жанып жатты. Сондай-ақ, өрт көршілердің балконына ішінара ұласқан. Құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында жалпы ауданы 33 шаршы метр өрт сөндірілді. Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД-ның жеке құрамынан 15 адам және 5 техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебінің алдын ала болжамы - темекі шегу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау". ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды