Астанадағы ойын-сауық орталығында эскалатордағы ақаудан 3 адам зардап шекті

Сурет: pixabay
Астанадағы "Сарыарқа" сауда ойын-сауық орталығында эскалатор кенеттен қатты жүріп кетіп, салдарынан екі ересек және бір бала зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұны Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

"Есіл ауданы Тұран даңғылы 24 мекенжайындағы "Сарыарқа" СОО-да алдын ала мәлімет бойынша, эскалатор 3-қабаттан 2-қабатқа кенет қатты түскен. Ол уақытта эскалаторда 20-ға жуық адам болған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, төменге қатты түсуден екі ересек және бір бала аздаған дене жарақатын алды" Руслан Иманқұлов

Ведомство өкілінің айтуынша, оқиға 31 наурыз күні сағат 23:52-де болған.

Зардап шеккен адамдар медицина мамандары қарағаннан кейін үйлеріне жіберілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды