Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада мерекелік іс-шара өтті

Сурет: Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана
Орал қаласында Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында "Ұлағатты отбасы - ұлт құндылығы" атты халықаралық отбасы күніне арналған мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отбасылық оқу жобасы аясында өткен шараға облыстық кітапхананың тұрақты оқырмандары, мектеп оқушылары, балабақша тәрбиеленушілері қатысты.


Сурет: Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана


Отбасымен бірге кітап оқитын оқырмандарды кітапханаға тарту, кітап оқуды насихаттауды мақсат еткен іс-шарада оқырмандар басқа қырынан танылып, ән салып, өнер көрсетті. Кітапханада қазіргі күнде 600-ге жуық отбасылық оқырман бар.


Сурет: Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана


Мерекелік шарада  кітапхананың  байырғы оқырмандарының бірі Ермек Жұмағалиев кітаптың құндылығы туралы айтып, жас ұрпақты кітап оқуға шақырды. №44 мектеп-гимназиясының  оқушылары сахналаған "Ақылды балапан" ертегісі оқырмандарға әдемі әсер қалдырды. Кітапхананың кішкентай қонағы Ерқазақ Ермектің орындауындағы "Әжемнің шайы" әні  жиылғандарға жылы шуақ сыйлады.  


Сурет: Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана


Оқырмандар өнер көрсеткен әсерлі іс-шараны кітапхана директорының орынбасары Нұрлыгүл Сағынова қорытындылап, кітап оқитын оқырмандар қатары арта беретіндігіне сенім білдірді.


Сурет: Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана


Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды