Шымкенттегі мектеп-гимназия бір допты 232 мың теңге сатып алмақ болған

Сурет: pixabay
Шымкентте №90 дарынды балаларға арналған мектеп-гимназиясы мемлекеттік сатып алу жоспарында 2,7 млн теңге бюджет қаражатына 20 доп сатып алмақ болған. Алайда тауардың әрбір данасы 2-ден 10 есеге дейін асыра бағаланып есептелген, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Мәселен, білім беру мекемесіндегілер баскетбол добының бір данасын 232 мың теңгеге, ал волейбол добын 42 мың теңгеге сатып алуды жоспарлаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Дәурен Ерғариннің мәліметінше, антикор мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына жоспардың тармағын қайта қарау туралы ұсыныс хат жолдаған.

Нәтижесінде 2,2 млн теңгеден астам қаржы үнемделген.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды