Қызылордада қарақұйрықтың ұшасын заңсыз тасымалдаған екі ер адам ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Қызылорда облысы ҰҚҚКБ жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде қарақұйрықтың ұшасын заңсыз тасымалдаған екі қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ-нің Telegram арнасының жазуынша, ввтокөлікті тексеру барысында айғақты зат ретінде 3 қарақұйрықтың ұшасы тәркіленген.

"Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 339-бабымен "Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу" сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Тиісті сараптамалар тағайындалды.


Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды