Ақмола облысында православ шіркеуінің есіктері мен қоршауын ұрлап кеткен

Сурет: polisia.kz
Ақмола полицейлері православ шіркеуінде жасалған ұрлықты тергеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, 25 мамыр күні Есіл аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 42 жастағы жергілікті тұрғыннан 24 мамырға қараған түні православ шіркеуінің аумағынан белгісіз адамдар еркін қол жеткізу арқылы металл кіреберіс есіктер мен қоршауларды ұрлап кеткендігі туралы өтініш келіп түсті.

Ғибадатхананың бірнеше жылдан бері жұмыс істемейтіні белгілі болды. Полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына барып, тексеру жүргізіп, ауыл тұрғындарынан сұрақтарға жауап алды.

Күдіктілердің жеке басын анықтау үшін бірқатар жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары бұрын сотталмаған 37, 41 және 44 жастағы үш ер адамды анықтады.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды