Алматыдағы барлық мұнара крандары тексерілетін болды

Сурет: Zakon.kz
Қала әкімі Б.Сағынтаев Алматыдағы барлық мұнара крандарының жағдайын тексеруді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz

Алматы қаласының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында қала әкімі қалада болған мұнара краны бар төтенше жағдай тақырыбын қозғап, жауапты органдарға тиісті тапсырмалар берді.

Еске салсақ, 23 қаңтарда Алматыдағы Таугүл шағынауданындағы құрылыс алаңында мұнара краны құлаған болатын. Төтенше жағдай салдарынан 49 жастағы краншы өміріне қауіп келтірген жарақат алып, жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды.

Алматы әкімінің орынбасары М.Әзірбаев алдын ала деректер бойынша төтенше жағдай кран құрылымының тозуына байланысты болғанын хабарлады.

Бұл тергеу және техникалық жағдайды тексеру барысында анықталады.
Алматы әкімінің орынбасары М.Әзірбаев

ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің мәліметінше, қаланың құрылыс алаңдарында тиісті рұқсат алған 114 мұнара крандары бар.

Алматы әкімі осындай төтенше жағдайдың қайталануына жол бермеу үшін барлық мұнара крандарының техникалық жағдайын тексеруді тапсырды.

Қазақстан
Алматы
Алматы қаласының әкімдігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды