Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына жаңа басшы келді

Берік Солтанбаев Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Берік Солтанбаев 1990 жылы 28 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген.

Білімі:

2012 жылы «Парасат» қазақстандық көпсалалы институтын, 2015 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін, 2017 жылы Нархозды универсиетітін бітірген.

Еңбек өтілі:

Солтанбаев еңбек жолын 2013 жылы «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалында кеңесші болып бастаған.

2014-2017 жылдар аралығында «Қоғамдық келісім» ММ-де, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінде маман болып қызмет атқарған.

2018 жылдың қазан айынан бастап Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды, кәсіпкерлікті қолдау, инвестициялар тарту және өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысы мәселелеріне жетекшілік етті.

Алматы қаласының әкімдігі Қазақстан Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: