Атырау тұрғындары қаптаған маса кесірінен көшеге шығудан қалған

Сурет: pixabay
Қалада масаларды жоюға 70 млн теңге бөлінді. Алты бригада дезинфекциялау жұмыстарымен айналысады, бірақ азаматтардан келіп түсіп жатқан шағым көп болғандықтан, 10 бригада шығаруға тура келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кешке көшеге шықсаңыз, масаға таланбай қайтуыңыз мүмкін емес, деп шағымданады Атырау тұрғындары. Бұл туралы "Мой город" хабарлайды.

Жадыра есімді тұрғын көшеге қажет болған жағдайда ғана шығатынын айтады.

Балаларды сыртқа шығармаймыз, төрт қабырғаға телміріп қарап отырады, қайтеміз енді, әйтпесе масаға таланады. Бұл мәселені шешуге болмайды ма? Жыл сайын осы бір қырқыс. Қаражат жеткіліксіз болса, көбірек бөлсін, адамдарға серуендеп, бой жазып, демалуына мүмкіндік берсін. Жадыра

Атырау қалалық әкімдігінің мәліметінше, қалада масаларды жоюға 70 млн теңге бөлінген.

Дезинфекция жөніндегі іс-шаралар бірінші кезекте қаладағы 1100-ден астам көп пәтерлі үйлердің жертөлелері мен кіреберістеріне, балалар алаңдары мен автобус аялдамаларына, саябақтарда, сондай-ақ қала маңындағы ауылдарға қатысты жүргізіледі.

Қазіргі уақытта масалардың көбеюіне байланысты жәндіктермен күресу үшін шұғыл шаралар қабылданды, бұрын қолданылған химикаттар басқасымен ауыстырылды. Алты бригада дезинфекциямен айналысады, бірақ азаматтардан келіп түсіп жатқан шағым көп болғандықтан, 10 бригада шығарайық деп отырмыз. Атырау қалалық әкімдігі

Сондай-ақ, әкімдіктегілер тендер бойынша масалар мен шыбын-шіркейлердің көзін жоятын мердігер анықталып қойғанын жеткізді.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты