Ақтөбе облысының көлік хабы ретінде дамуға әлеуеті зор – өңір әкімі

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин басқа өңірлермен салыстырғанда бастапқыдағы жақсы жолдардың үлесі өңірде өте төмен болғанын, яғни 10 жыл бұрын 43% немесе республикадағы 16-орынды алғанын баса атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұрғындар, кәсіпкерлер мен өндіріс мекемелері тарапынан өңірдегі автожолдардың сапасына қатысты наразылықтар болғаны атап өтіледі. Басқа өңірлермен салыстырғанда бастапқыдағы жақсы жолдардың үлесі өңірде өте төмен болды, яғни 10 жыл бұрын (2011-ден 2021-ге дейін) 43% немесе республикадағы 16-орын. Аталған мәселенің маңыздылығын ескере отырып, осы жағдайды түзету үшін тиісті шаралар қабылданып жатыр.

"Ақтөбе облысының үлкен көлік торабы және көлік хабы ретінде дамуға әлеуеті зор. Егер де 2011-2018 жылдары, яғни 8 жыл ішінде жолдарды жөндеуге 36 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсалып, жергілікті жолдардың жақсы жағдайдағы үлесі 11%-ке артса, соңғы 3 жылда шамамен дәл осындай көлемде қаражат бөлініп (36,7 млрд тг астам), жақсы жағдайдағы жолдар үлесін 13,7% ұлғайта алдық. Біріншіден, бұл мәселе Үкіметтің қолдауымен республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың арқасында, оған қоса дәл сондай көлемде паритеттік негізде жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді. Ал осы жылы барлық кезеңмен салыстырғандағы ең ауқымды қаржы – 34 млрд теңге қарастырылды", - деді Оразалин.

Әкімнің айтуынша, оның ішінде 20 млрд теңгеге жуығы жергілікті жолдарды жөндеуге, ал 14 теңгесі көшелерді жөндеуге жұмсалады. Жалпы осының арқасында биыл 600 шақырым жолды жөндеу жоспарланған.

Нәтижесінде жолдарды 72% дейін жақсартамыз, - деді облыс әкімі.
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты