Жетісу облысы әкімінің үш орынбасары тағайындалды

Оның екеуі Жеңіс Тұяқов пен Әлібек Жақанбаев алдында Алматы облысы әкімінің орынбасарлары болған, ал Рүстем Әли Ескелді ауданының әкімі лауазымын атқарған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлібек Әскербекұлы Жақанбаев 1964 жылы туған.

Білімі мен білігі:

Білімі жоғары. Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын «орман шаруашылығы», Қазақ ұлттық аграрлық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын Алакөл ауданында «Левобережный» кеңшарының жұмысшысы болып бастаған. Ұзақ жыл Алакөл ауданы Үшарал қаласында орман шаруашылығы саласында еңбек етті. Сарқан, Алакөл, Еңбекшіқазақ аудандарының әкімі қызметтерін атқарды. 2022 жылдың ақпанынан Алматы облысы әкімінің орынбасары болды.

Сурет: Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жеңіс Шылбынұлы Тұяқов 1967 жылы туған.

Білімі мен білігі:

Білімі жоғары. Алматы мемлекеттік медицина институтын, ҚР Қаржы академиясын, «AlmaU» университетін бітірген, іскерлік әкімшілік жүргізу докторы.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын коммерциялық құрылымдарда бастады.

Әр жылдарда «KEGOC», «ЭҚКНКО» Ұлттық компанияларында басқарушы директор болды. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінде департамент директоры, Талдықорған қаласында «ТАТЭК» АҚ президенті, Жамбыл және Павлодар облыстарының энергетика және ТҮКШ басқармаларының бастығы, Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесінің өңірлік даму бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы лауазымдарында болды.

2017 жылдың шілдесінен - Алматы облысы әкімінің орынбасары.

Сурет: Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Рустам Али 1984 жылы туған.

Білімі мен білігі:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасы мен докторантурасын «шығыстану», І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «қаржы» мамандықтары бойынша бітірген. PhD философия докторы.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын Алматы қаласында «Деловая неделя» газетінде тілші болып бастап, осы газетте бөлім редакторы, бас редактордың орынбасары болды.

Әр жылдарда Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының «Жетісу жастары» Жастар орталығы» МКҚК директоры, Ескелді ауданы Қайнарлы ауылдық округінің әкімі, Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы, облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы, Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарды.

2021 жылдың мамырынан Ескелді ауданының әкімі болды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: