Нұр-Сұлтандағы көшелердің біріне тағы бір автобус жолағы енгізіледі

Сурет: Zakon.kz
2022 жылдың 2 шілдесінен бастап Жеңіс даңғылы бойымен Есенберлин көшесі - Бөгенбай даңғылы аралығында қоғамдық көлікке арналған жолақтары бар жеті жолақты қозғалыс енгізіледі (BusLane), деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінгі күні аталған даңғыл бойынша 15 қалалық бағдар жүреді, ал бұл жалпы саны 175 болатын автобустар, деп хабарлайды City Transportation Systems.

Осылайша, аталған учаскеде қоғамдық көлік, жедел жәрдем, арнайы қызметтер мен өрт сөндіру техникасының қозғалысы үшін артықшылық жасалатын болады.Сондай-ақ, бөлінген жолақ бойынша қоғамдық көлік қозғалысы аялдамалардағы қарбалас сағаттарда жолаушылардың күту уақытын 18% - ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді, делінген хабарламада.

Даңғылда қозғалыс жолақтарының ені ұлғайтылады және реттелетін жаяу жүргіншілер өткелдерінде көліктің бұрылуы үшін алаңдар жабдықталады, бұл жол қиылыстарындағы жүктемені азайтады.

Қазіргі таңда Жеңіс даңғылы мен Есенберлин көшесі мен Бөгенбай батыр даңғылының қиылысында жол белгілерін белгілеу жұмыстары жүргізілуде.

Барлық өзгерістерді ескере отырып, жол қозғалысына қатысушылардың барлығын жолда қырағы болуды және бағдарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды