Алматыда үлкен даңғыл ішінара жабылып, қоғамдық көліктердің бағытына өзгеріс енгізіледі

Сурет: Zakon.kz.
Алматыда 2022 жылдың 2 қазанында веложарыс өтеді. Осыған байланысты әл-Фараби даңғылы ішінара жабылады, сондай-ақ бірқатар маршруттардың қозғалыс бағытына уақытша өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдіктің баспасөз қызметі әл-Фараби даңғылы Розыбакиев көшесінен Назарбаев даңғылына дейін сағат 09:00-ден 10:00-ге дейін жабық болатынын нақтылады.

Сондай-ақ, 15, 28, 30, 32, 62, 63, 68, 70, 77, 81, 86, 98, 101, 116, 121, 123, 127, 135, 211автобустардың жүріс бағытына уақытша өзгерістер енгізіледі.

Сонымен қатар, құзырлы ведомство нақтылап өткендей, №33, 38 маршруттар мен №1, 9 троллейбустардың жұмысы тоқтатылады.

25 қыркүйекте Орталық Азиядағы жыл сайынғы ірі жарыс – XI "Алматы марафоны" өтті. Жарыс Республика алаңынан сағат 07:30-да басталды. Оңтүстік астананың көшелерімен 12 мыңға жуық әуесқой спортшы жүгіріп өтті.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Алматыда ер адам бірге ішімдік ішкен танысын пышақтап кетті