Қаңтар оқиғалары кезінде көлігі бүлінген алматылықтарға 567 млн теңге төленді

Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласының әкімдігі қаңтар оқиғалары кезінде бүлінген автокөлік иелеріне 567 млн теңге төлеп үлгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша шағын және орта бизнеске келтірілген залалды өтеу бойынша ғана емес, сондай-ақ қаңтар оқиғалары барысында автокөліктері бүлінген немесе жойылған Алматы қаласының тұрғындарына да қатысты жұмыс жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Алматы қаласы аудандарының әкімдіктеріне автокөлік иелерінен келтірілген залалды өтеу туралы 143 өтінім келіп түсті. Жеке тұлғаларға келтірілген залалды өтеу тетігіне сәйкес (Үкіметтің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 877 қаулысымен бекітілген терроризм актісі нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу Ережелеріне сәйкес) жалпы сомасы 566,7 млн теңгеге барлық 143 өтінімге қолдау көрсетілді, делінген хабарламада.

Өтініштерді аудан әкімдіктері келіп түскен күннен бастап 1 ай ішінде қарайды. Мүлікке келтірілген залалды бағалау өтініш тіркелген күннен бастап 7 күн мерзімде белгіленеді және оны зардап шеккендер таңдаған тәуелсіз сарапшылар жүргізеді. Шығыстар бойынша бағалауды жүргізу мемлекеттік органдар атынан  аудан әкімдіктеріне жүктелген.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды