Елордада еліміздің басты шыршасы жағылды

Сурет: Астана қаласының әкімдігі
19 желтоқсанда Астана қаласындағы EXPO көрме кешенінің алаңында еліміздің басты шыршасын жағу рәсімі өтті. Бұл жөнінде Астана қаласының әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдік таратқан ақпаратқа сүйенсек, шыршаның биіктігі — 25 метр. Ол жүздеген шамшырақпен безендірілген. Мерекенің басты атрибутын безендіруде 750 метр гирлянд, 360 бірлік жарықшам және 900-ден астам шырша шары қолданылды.

Шыршаны жағу рәсімі басталар алдында елорда тұрғындары мен қонақтарына "Ғажайыптар түні" ертегі мұз шоуы көрсетілді. Еліміздің басты шыршасын бүлдіршіндер, елорда әкімі Жеңіс Қасымбек, Аяз Ата мен Ақшақар бірлесе жағып, сахнада қазақстандық әртістер және т.б. өнер көрсетті.


Сурет: Астана қаласының әкімдігі

"Құрметті елордамыздың тұрғындары мен қонақтары, жаңа жыл қарсаңында сіздерге мерекелік көңіл-күй, қуаныш, отбасыларыңызға зор денсаулық тілеймін! Астанамыз дамып, өркендей берсін! Алдағы жыл қала үшін берекелі болсын! Бүгін жаңа жыл мерекесін бастағалы отырмыз. Мұндай іс-шаралар әлі де көп болады. Қаламыздың барлық ауданында мұз айдындары мен сырғанақтар орнатылып жатыр, онда әрбір адам бос уақытын көңілді өткізе алады". Астана әкімі Жеңіс Қасымбек


Сурет: Астана қаласының әкімдігі

Іс-шара Astana Muz Fest ауқымды қысқы фестивалі аясында өткізілді. 


Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды