Астанада 3,3 миллион текше метрден астам қар шығарылған

Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Астанада қар тазалау жұмысы тәулік бойы үздіксіз режимде жүріп жатыр. Күн сайын қар күреу жұмысына 1,5 мыңға дейін жол жұмысшы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

20 ақпан күні түстен кейін елорданың көшелерінен, жолдарынан, алаңдары мен тротуарларынан 19 мың текше метрден астам қар немесе 1 577 рейс күрелді, делінген елорда әкімдігінің ресми сайтында.

Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 3,3 миллион текше метрден астам қар шығарылды, ол үшін қар полигондарына 268 459 рейс жасалды.


Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Айта кетсек, 21 ақпанда Астана, Алматы қалалары мен еліміздің 14 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды.


Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Ондай жан енді қайталанбайды": Баян Алагөзова Меруерт Өтекешеваға тағы да ерекше ықыласын білдірді

Қазақстанда күн райы күрт бұзылады: 5-7 қарашада қалың қар жауып, күн суытады

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның курорттық аймағында психотроптық препараттар таратылған