Аралдағы мемлекет климатқа байланысты көшуге дайындала бастады

pixabay
Тувалу қаласының бес мыңға жуық тұрғыны Жаңа Зеландияға көшіп келді.

Тувалу тұрғындары аралды су басу қаупіне байланысты көшуге мәжбүр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тынық мұхитындағы елдің билігі жаһандық жылынудың салдарынан жерін су басып, өмірге жарамсыз болып қалады деп топшылап отыр.

Бұл туралы БҰҰ Климаттық саммитінде елдің Сыртқы істер министрі Саймон Кофе мәлімдеді.

Кофенің айтуынша, аралды су басса, Тувалу климаттық апатқа байланысты өз жерінен көшкен әлемдегі алғашқы мемлекеттің бірі болмақ. Қазірдің өзінде Тувалу қаласының бес мыңға жуық тұрғыны Жаңа Зеландияға көшіп барған. Бұл мемлекет халқының шамамен 50% құрайды.

Министр бұл мәселені Халықаралық құқық тұрғысынан шешуге ниетті екенін айтты.

Біз өз жерімізді жоғалтып алсақ та, елдер Тувалуды мойындайды деген үміттеміз. Сондай-ақ біз цифрлық ұлт құру үшін жаңа технологияларды кәдеге жаратып, басқа жерде де бірігіп әрекет ете аламыз. Тувалу СІМ Саймон Кофе

Мемлекет билігі тұрғындар барлық қызметтерді онлайн алу үшін процестерді цифрландыруды жоспарлап отыр.

Ұлыбритания
БҰҰ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді