Түрікменстанда бюджет қызметкерлері түрікмен тілінде ғана сөйлемек

Фото: Instagram/gurbanguly_berdymuhamedov
Орыс немесе өзбек тілінде сөйлегендер жазалануы мүмкін

Түркіменстанда мемлекеттік мекемелерде істейтін қызметкерлерден өзара тек қана түрікмен тілінде сөйлесуін талап етіп жатыр.

Лебап уәлаятында бюджет қызметкерлерінен түрікмен тілінде таза сөйлеуді талап етті. Орыс немесе өзбек тілінде сөйлегендер жазалануы мүмкін. Бұған қоса, аймақта бюджет қызметкерлерінің киіміне де талап қойылып жатыр.

Еске салайық, бұның алдында Түрікменстан балабақшаларында орыс тілінде мультфильм көрсетуге тыйым салынған.

"Тағы да талап қойып жатыр. Енді бюджет қызметкерлері жұмыста тек қана түрікмен тілінде сөйлесуі тиіс. Басқа тілдерді араластырып сөйлесетіндерге айыппұл салынатыны айтылды", - дейді Фарап этрапындағы бір мұғалім

Айта кетерлік жайт, Фарап этрапында және Лебап уәлаятындағы басқа да этраптарда этникалық өзбектер көп. Олар көбіне өзбек тілінде, түрікмен тілінде өзбек сөздерін араластырып сөйлейді.

Ресей
Өзбекстан
Түрікменстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін