Аргентинада Абай көшесі мен «Қазақстан Республикасы» алаңы пайда болды

Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Аргентина қалаларының бірінде қазақстандық атаудағы көше мен алаң пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанның Бразилиядағы, сонымен қатар Аргентинада қоса елші қызметін атқарушы Болат Нүсіпов қазақ ақыны, ойшылы және ұлттық әдебиеттің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлы атындағы көшенің, сондай-ақ Аргентинаның Росарио қаласындағы "Қазақстан Республикасы" алаңының ресми ашылу рәсіміне қатысты. ҚР СІМ баспасөз қызметі

Өз сөзінде елші Болат Нүсіпов ел басшылығының ұлттық сана-сезімді, өзіндік мәдени кодты сақтау және мәдени жетістіктерді, оның ішінде шетелде насихаттау жөніндегі бастамаларын іске асырудың маңыздылығын баса айтты.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" және "Абай – рухани реформатор" мақалалары аясында Абайдың қазақ мәдениетін дамытудағы рөлі мен оның мұрасының қазіргі қоғам үшін маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Өз кезегінде, Қазақстанның Росариодағы Құрметті консулы Густаво Гутиерес Қазақстан халқының Абай тұлғасына зор маңыз беретінін атап өтті. Консулдың айтуынша, Абай әлемдік мәдениет үшін Шекспир, Гете, Пушкин немесе Мольер сияқты құндылыққа ие. Осыған байланысты Гутиерес Абай көшесінің ашылуы аргентиналықтарға қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрлерімен танысуға қосымша мүмкіндік беретінін айтты.

Іс-шаралар 2019 жылғы қарашада қол қойылған меморандуммен белгіленген Алматы мен Росарио қалалары арасындағы бауырластық қатынастар шеңберінде өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты