Түркияда жолаушылар мінген көлік шатқалға құлап, бес адам қаза тапты

Түркияда жолаушылар мінген көлік шатқалға құлап, бес адам қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2026 12:01 Сурет: pexels
Түркияның туристер көп баратын Анталия провинциясында жеңіл автокөлік шатқалға құлап кетті. Қайғылы жол апаты Тасагыл–Деребучак тас жолының Бейдігин ауданында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Gazeta.ru басылымының Turkiye Today-ға сілтеме жасап жазуынша, оқиға салдарынан жеті адам зардап шеккен.

Оқиға орнына жедел түрде медицина қызметкерлері, өрт сөндірушілер, Табиғи апаттар мен төтенше жағдайлардың салдарын жою басқармасының (AFAD) мамандары және жандармерия қызметкерлері барған.

Құтқарушылар көлікте қысылып қалған екі адамды шығарып, оларды тікұшақпен ауруханаға жеткізген.

Анталия губернаторы Хулуси Шахиннің айтуынша, зардап шеккендердің бірі жүкті әйел болған. Көліктің ішінде барлығы жеті адам болған. Олардың бесеуі алған ауыр жарақаттарының салдарынан оқиға орнында қаза тапқан. Қалған екі адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Бұған дейін Алматыда 27 шілдеге қараған түні жантүршігерлік жол апаты болып, екі адамның қаза тауып, тағы екі адамның ауыр хәлде ауруханаға жеткізілгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: