Австрияның экс-канцлері АҚШ-та жұмыс істейтін болды

Сурет: Instagram/sebastiankurz
Себастьян Курц сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу аясында канцлер қызметінен кетті. Желтоқсан айында ол саясаттан түпкілікті кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Австрияның экс-канцлері АҚШ-тағы жеке компанияға жұмысқа тұрған. Ол қаңтардың соңында АҚШ-қа кетеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Католик Рождествосының алдында саясаткер жеке фирмалардың бірімен келісімшартқа қол қойысқан. Ол инвестиция саласында жұмыс істейтін болады. Курцтың болашақ жылдық табысы 500 мың евроға бағаланыпты. Бірақ компания атауы көрсетілмеген.

Ол көп уақытын отбасымен бірге АҚШ-та өткізіп, арасында Австрияға келіп тұруға ниетті.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды