Жапондықтар ағаш спутникті орбитаға шығарады

Сурет: pixabay
Ғарышта алғашқы ағаш спутник пайда болуы мүмкін. Текше түріндегі құрылғының өлшемі – 10 сантиметр. Спутниктің жұмысына қажетті барлық жабдықтар текшенің ішіне орналастырылады, деп хабарлайды Zakon.kz

2022 жылы жапон мамандары әлемдегі алғашқы ағаш спутнигін ұшыруға байланысты техникалық тәжірибелер жүргізуді жоспарлап отыр. Киото университетінің және Sumitomo Forestry компаниясының мамандары Жапон аэроғарыштық зерттеулер агенттігінің мұрындық болуымен ерекше аппаратты әзірлеумен айналысады.

Жоспар бойынша ақпан айында JAXA астронавты Такао Дои Халықаралық ғарыш станциясындағы зерттеу модулінің сыртында түрлі ағаштар таңдалып зерттеу жүргізілді. Ашық ғарыш кеңістігінде сыннан өткен Магнолия, ямадзакура сакурасы, сондай-ақ тас қайың үлгілері таңдалып алынды.

Ағаш аппарат 2023 жылға қарай іске қосылады. 10 сантиметр болатын текше түріндегі спутниктің сыртына күннен қуат алатын элементтер орнатылады.

Қазақстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды