Армения президенті отставкаға кетті

Сурет: president.am
1 ақпанда Армения парламентінің спикері Ален Симонян президент Армен Саркисянның отставкаға кету туралы өтінішіне қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz

Құжат Арменияның заң шығарушы органының Facebook парақшасында жарияланды.

"Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянның өкілеттігі тоқтатылды деп есептелсін," – делінген хаттамада.

"РИА Новости" басылымы Саркисянның 23 қаңтарда отставкаға кететінін мәлімдегенін жазды.

Ол бұл шешімінің басты себебі ретінде мемлекет басшысының сыртқы және ішкі саясаттың іргелі үдерістеріне ықпал етуіне мүмкіндік бермейтін тиісті өкілеттіктердің жоқтығын алға тартты.

Саркисян мемлекет басшысы болып 2018 жылы сайланды. Армения 2015 жылғы конституциялық реформалардан кейін басқарудың парламенттік түріне көшті. Осылайша, президенттің өкілеттігі тек өкілдік болып қалды әрі президентті парламент жеті жыл мерзімге сайлайды.

Басылымның мәліметінше, кезектен тыс президент сайлауы бос жұмыс орны ашылғаннан кейін 25 күннен кейін және 35 күннен кешіктірмей өткізіледі.

Оған дейін мемлекет басшысы міндетін парламент спикері атқарады.

Армения

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр