Путин Ресейдің соғысты қаламайтынын айтты

Сурет: kremlin.ru
Ресей президенті Владимир Путин Батыспен одан ары жалғасатын диалогта Мәскеу үшін маңызды мәселелер ескерілетініне үміт артатынын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz

Ресей соғысты қаламайды, сондықтан Мәскеу АҚШ пен НАТО-ға қауіпсіздік кепілдіктері бойынша ұсыныстарды алға тартады, - деді Ресей президенті Владимир Путин Мәскеуде өткен Германия канцлері Олаф Шольцпен келіссөздердің қорытындысы бойынша, деп хабарлайды РБК.

Біз мұны қалаймыз ба, жоқ па? Әрине, жоқ. Сондықтан да біз келіссөздер процесі туралы ұсыныстар жасадық, оның нәтижесі барлығының теңдей қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы келісім болуы керек, соның ішінде біздің елдің де. Владимир Путин

Ресей президенті Владимир Путин Батыспен одан ары жалғасатын диалогта Мәскеу үшін маңызды мәселелер ескерілетініне үміт артатынын жеткізді.

Сондай-ақ Путин өз дәуіріндегі адамдарға Еуропадағы ауқымды соғысты көз алдына елестету қиын екенін айтқан Шольцтың сөзіне тоқталды.

Бұл Украинаның айналасындағы жағдайға қатысты айтылған сөз. Бірақ өзіңіз екеуміз НАТО-ның Югославияға қарсы ашқан Еуропадағы соғысының куәсі болған едік. Еуропа елдерінің бірінің астанасы - Белградқа әуеден жасалған бомбалаушы соққылар түріндегі ірі әскери операция. Солай болды емес пе?.. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкциясынсыз-ақ. Әрине, мұны мысал ету жақсы емес, бірақ солай болған. Владимир Путин

Шольц Украинаның айналасында әскери күш эскалациясын ыдырату қажеттігін, соғысқа жол бермеу керектігін айтты.

Германия канцлері Украинаның жағдайын Югославиядағы соғыспен салыстыруға болмайтынын айтты, өйткені ол арада геноцид қаупі болғанын мәлімдеді. Бұған жауап ретінде Путин Донбаста болып жатқан жағдайды "геноцид" деп атады.

Ресей
Путин Владимир

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті