Еуропарламент Ресейге қарсы жаңа санкцияларды қолдайды

Сурет: pixabay
Санкциялар, негізінен, Ресейді SWIFT-тен аластатуға, Ресей Орталық банкі қызметін шектеуге, сондай-ақ ресейлік бизнес өкілдерін халықаралық қаржы активтерін пайдалану мүмкіндігінен айыруға бағытталады, деп хабарлайды Zakon.kz

Еуропалық Парламент бұған дейін Еуропалық комиссия мен ЕО-ның халықаралық серіктестері жариялаған Ресейге қарсы жаңа шектеу шараларын қолдайды. 1 наурыздағы кезектен тыс пленарлық отырыста осыған қатысты қарар қабылдауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды РИА Новости.

ЕП төрағасы Роберт Метсоланың айтуынша, заң шығарушылар бұл шаралардың тез қабылдануына ықпал етеді.

26 ақпанда Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен Еуропалық одақ АҚШ, Ұлыбритания және басқа серіктестермен бірлесіп Ресейдің бірқатар банктерін SWIFT халықаралық банкаралық жүйесінен аластатуға, Ресей Орталық банкінің қызметін шектеуге, сондай-ақ ресейлік бизнес өкілдерін өздерінің халықаралық қаржылық активтерін пайдалану мүмкіндігінен айыруға бағытталған шаралар әзірлегенін айтты.

Еуропалық одақ пікірінше, бұл шаралар Ресейдің оқшаулаумен қатар "Ресейдің соғысты қаржыландыру қабілетін едәуір төмендетеді".

Ресей
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды