Ресей және Украина делегациялары талқылайтын бірқатар басым бағыттарды белгіледі

Сурет: pixabay
Бұл туралы Украина Президенті Кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, делегаттар арасында белгілі бір шешімдер белгіленген. Бірақ әзірге тараптар жаңа раундтың алдында кеңес алу үшін өз астаналарына кетті.

Бұған дейін Ресей мен Украина өкілдері Беларусь елінде келіссөздер жүргізіп жатқандығы туралы хабарланған.

Келіссөздер барысында Ресей делегациясына Президенттің көмекшісі Владимир Мединский басшылық етті. Оның құрамына Қорғаныс министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко, Мемлекеттік Думаның Халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Леонид Слуцкий және Ресейдің Беларусьтағы елшісі Борис Грызлов кірді.

Украиналық тарапты Сыртқы істер министрінің орынбасары Николай Точицкий, Қорғаныс министрі Алексей Резников, РФ Президент Кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк, «Слуга народа» фракциясының басшысы Дэвид Арахамия, депутат Рүстем Умеров және үшжақты байланыс тобындағы украин делегациясы басшысының бірінші орынбасары Андрей Костин танытады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі