Мыңнан аса қазақстандық жүк вагондары Украинада тұралап тұр

Сурет: pixabay
ҚР ИИДМ мен «Қазақстан темір жолы» Украинада қалып қойған 1007 жүк вагонын елге қайтаруға әрекет етіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шұғыл келіп түскен 5 наурыздағы деректерге сәйкес, Украина аумағында қазақстандық меншік иелерінің 1007-ден астам жүк вагоны тұралап қалды.

Сонымен қатар, Украинаға барар жолда әртүрлі жүктер тиелген 680 вагон тоқтатылған. Оның ішінде 371 вагон кеше басқа бағыттарға жіберілді.

Халықаралық тасымалдарда туындаған мәселелер бойынша жедел әрекет ету үшін ҚР ИИДМ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және еліміздің теңіз порттары жанында жедел желі ашылды. Мүдделі тараптармен келіссөздер жүргізілуде.

 Жағдайға қатысты іске қосылған жедел желі телефон нөмірлерін министрлік сайтынан табуға болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда