Санкция мәселесі бойынша Қазақстан мен АҚШ онлайн кеңес өткізді

Сурет: Сыртқы істер министрлігі
Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен АҚШ-тың Ресейге қарсы санкцияларының Қазақстан экономикасына теріс әсерін азайту үшін санкциялар мәселеcі бойынша Қазақстан мен АҚШтың онлайн консультациялары өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның атынан консультацияларға сауда-экономикалық, қаржы, көлік, қорғаныс, энергетика және аэроғарыш салаларына жауапты мүдделі мемлекеттік органдардың, сонымен бірге ұлттық компаниялардың өкілі, барлығы 80-ге жуық адам қатысты.

Америкалық тарап АҚШ-тың Ресейге қарсы жақында енгізілген санкциялары туралы және сауда-экономикалық, банк-қаржы және энергетика салаларындағы жаңа санкциялар шектеулерінің ерекшеліктері туралы хабардар етті. Қазақстандық қатысушыларға санкциялар режимі жағдайында серіктестермен ынтымақтастықтың түрлі бағыты бойынша түсініктеме берілді.Сыртқы істер министрлігі

Кездесуде тараптар Қазақстан экономикасы үшін АҚШ-тың санкциялық саясатының болжанбаған салдарын болдырмау үшін консультацияларды жалғастыруға келісті.

АҚШ
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін