Криштиану Роналдудың жаңа туған ұлы шетінеп кетті

Сурет: Instagram/cristiano
Қайғылы жағдайды ағылшындық «Манчестер Юнайтед» футбол клубының шабуылшысы әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл ата-ана үшін зор қайғы. Құлазып отырмыз әрі мұндай қиын кезде жеке өмірімізге қол сұқпауды сұраймыз. Бөбегім, сен біздің періштемізсің. Біз сені жақсы көріп өтеміз, – деп жазды футболшы Instagram парақшасында.

Джорджина дүниеге егіз бала алып келді. Алайда ұлы шетінеп кетті, ал қыздың жағдайы жақсы.

Роналду өзі мен Джорджина Родригестің атынан дәрігерлер мен медбикелерге алғыс айтты.

Жазбаның соңында спортшы осы қиын сәтте отбасына кедергі келтірмеуді өтінді.

Роналду мен Родригес 2018 жылы шаңырақ көтермек ойы бар екенін жариялады. Футболшы мен Джорджинаның Алана Мартина есімді қызы ортақ қызы бар, сондай-ақ суррогат аналардан Криштиану кіші, Ева және Матео есімді үш баланы тәрбиелеп отыр.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі