Украинаға берілетін көмек 24 миллиард доллардан асады

Сурет: Украина президентінің ресми өкілеттігі
Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі Украинаға әскери көмектің жаңа пакетін беретінін мәлімдеген. Киевке артиллериялық қарулар жеткізілуі мүмкін деп күтілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС-тың жазуынша, «Үлкен жетілік» елдері биылғы және одан кейін Украинаға берілетін қосымша көмектің жалпы көлемі 24 миллиард доллардан асады деп отыр.

Бұл туралы 20 сәуірде Вашингтонда өткен «Үлкен жетілік» елдерінің қаржы департаменттері мен орталық банктері басшыларының кездесуінің қорытындысы бойынша жарияланған мәлімдемеде айтылды.

Біз халықаралық қауымдастықпен бірге 2022 жылы және одан кейінгі кезеңде 24 миллиард доллардан асатын қаржылық және заттай жағынан айтарлықтай қосымша қолдау көрсеттік әрі көрсетуге уәде бердік. «Үлкен жетілік» қаржы министрлерінің мәлімдемесі

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі Украинаға әскери көмектің жаңа пакетін беретінін мәлімдеген. Киев артиллериялық қарулар мен оқ-дәрілермен қамтамасыз етілуі мүмкін.

АҚШ
Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда күн жылып, ауа температурасы +27°C-қа дейін көтеріледі

37 қылмыстық іс және 104-тен астам нысан: Қазақстан Қорғаныс министрлігін тексеру қашан аяқталады

Қазақстан Ұлттық банкі ипотека мен автокредитке қатысты маңызды шешім қабылдады

Атырауда мектепте қызға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірім 15 жылға сотталды

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді