Финляндия билігі НАТО-ға кіруге ниет білдіріп, ресми өтініш жолдамақшы

Сурет: pixabay
Финляндия Солтүстік Атлантикалық одаққа (НАТО) мүшелікке өту туралы ресми шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Саули Ниинисте мен Премьер-министр Санна Марин арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, өз елдерінің әскери одаққа кіруге ниет білдіріп отырғандарын жариялады, деп хабарлайды Euronews.

Мемлекет басшысы Финляндияның НАТО-ға енуге қатысты мәлімдемесі басқа елдерге қарсы бағытталмағанын атап өтті.

Бұл шешім жақын арада республиканың жоғары заң шығарушы органында талқыланып, мақұлданады деп күтіліп отыр.

Бұған дейін Саули Ниинисте мен Ресей басшысы Владимир Путин телефон арқылы сөйлескен болатын, оның барысында тараптар Хельсинкидің НАТО-ға кіру жоспары мен Украинадағы жағдайды талқылады.

Екі елдің көшбасшылары Финляндияның НАТО-ға мүшелікке өту үшін өтініш бергісі келетіндігіне байланысты пікір алмасты. Путиннің айтуынша, дәстүрлі әскери бейтарап саясаттан бас тарту қате болады, өйткені Финляндия қауіпсіздігіне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді