Түрікменстан ауруханаларында науқастарға арналған киім үлгісі енгізілді

Сурет: akorda.kz
Түрікменстанның аудандық ауруханалары науқастардан арнайы пішілген киім киюді талап ете бастады. Емханаға барғандардың киім үлгісі дәстүрлі түрікмен киімінің үлгісінде болуы керек. Бұл әйелдерден де, ерлерден де талап етілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйелдер емделуге мақта матадан тігілген ұзын, кең көйлектермен баруы керек. Жеңі білектен сәл жоғары, бірақ көйлектің жағасында дәстүрлі кесте болмауы керек, басында орамалы болуы тиіс, деп жазады Азатлык.

Ер пациенттер жеңі қысқа, ақ мақтадан тігілген жейде мен кең қара түрікмен шалбарын киюі керек.

Келген науқастардың сыртқы түрі талаптарға сай болмаса, оларды ауруханаға жатқызудан бас тартуы мүмкін. Емделіп жатқан науқастардан екі күннің ішінде осындай арнайы киім алдыру талап етіліп жатыр.

Қазір ауруханада жатқандарға денсаулығымен емес, сыртқы келбетінің жаңа талаптарға сай келуімен «арпалысуға» тура келіп тұр. Әйелдер дәрігерді орамалмен қарсы алуы керек, сонымен қатар барлық ем-шараларға басына орамал тағып баруы тиіс. Пациенттерге жаңа талаптармен келіспеген жағдайда үйіне қайтарылатыны ескертілді, – дейді басылым дереккөзі.

Сыртқы келбетке қойылатын жаңа талап түрікмендерге ғана емес, басқа да ұлт өкілдеріне жүктелді.

Түрікменстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Конституциясы – Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы