Рим папасы Қазақстанда патриарх Кирилмен кездесетініне үміт білдірді

Сурет: Instagram/franciscus
Рим папасы Франциск қыркүйек айында Қазақстанда Мәскеу және Бүкіл Русь патриархы Кирилмен кездесетініне үміт білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

La Stampa газеті сейсенбіде Рим папасымен болған сұқбаттың үзінділерін жариялады.

Мен онымен 14 маусымда Иерусалимде кездесіп, істеріміз жайлы сөйлесуіміз керек еді. Рим папасы Франциск

Францисктің айтуынша, шілде айындағы кездесу "диалог дұрыс қабылданбай қалмас үшін өзара келісім бойынша" кейінге шегерілді. Ол Орыс православ шіркеуінің басшысымен Қазақстанда кездесіп, онымен пастыр ретінде сөйлесуге үміт білдірді.

Сәуір айында Рим-католик шіркеуінің басшысы 2022 жылғы қыркүйекте Қазақстанда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысатынын растады.

Қазақстан 2003 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін шақыруға бастамашы болды, содан бері форум тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Ресми түрде Ватикан Рим папасының Қазақстанға сапары туралы мәліметті әлі жариялаған жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады