Шри-Ланка премьер-министрі ел экономикасының «күйрегенін» мәлімдеді

Сурет: pixabay
Шри-Ланка премьер-министрі елдің белшесінен қарызға әбден батқан экономикасы бірнеше ай бойғы азық-түлік, отын және электр қуаты жетіспеушілігінен кейін "жалп етіп күйреді" деп мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, мемлекеттің импорт мұнайды сатып алуға да шамасы жоқ, деп хабарлайды The Economic Times.

Премьер-министр Шри-Ланкадағы ең ірі мұнай-газ компаниясы Ceylon Petroleum Corporation-ның қарызы бүгінгі таңда 700 миллион долларды құрайтынын айтты.

Викремесингхенің айтуынша, Үкімет жағдайды өзгерту үшін уақытылы шаралар қолдана алмады, ал қазір Шри-Ланкадағы алтын-валюта резерві күрт қысқарған.

Премьер-министр Шри-Ланка шілде айының соңында Халықаралық валюта қорымен (ХВҚ) персонал деңгейіндегі келісімге қол жеткізіп, қаржылық көмек бағдарламасын әзірлеуді аяқтайды деп үміттенеді.

Егер біз ХВҚ мақұлдауын алсақ, әлем бізге тағы да сенім білдіреді. Бұл бізге несиелік көмек, сондай-ақ әлемнің басқа елдерінен төмен пайызбен несиелер алуға көмектеседі. Қазіргі уақытта біз Дүниежүзілік банкпен, Азия даму банкімен, Америка Құрама Штаттарымен, басқа да достас елдермен және мемлекет басшыларымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Шри-Ланка премьер-министрі Ранил Викремесингхе

20 мамырда ел тұрғындары экономикалық дағдарысқа байланысты жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды. Наразылық білдірушілер президенттің кеңсесіне бір ай бойына кіре алмайтындай етті, салдарынан Шри-Ланка билігі төтенше жағдай енгізді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?