Қырғызстанда казиноны заңдастыратын заң қабылданды

Сурет: Facebook/Жогорку Кеңеш
Жогорку Кенеш депутаттары екінші және үшінші оқылымда Қырғызстандағы ойын мекемелерінің қызметін заңдастыру туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Казиноларды Ыстықкөлдің жағалауынан ашу жоспарланып отыр. Оған 21 жастан жоғары шетел азаматтары ғана кіре алады, деп хабарлайды Кабар агенттігі.

Депутаттар құжатты тек бесінші мәрте қараған кезде ғана мақұлдай алды.

Бұдан былай бұл заң дәстүрлі ойын мекемелеріне ғана емес, сонымен қатар онлайн-казиноларға және осы қызмет түрін жарнамалауға рұқсат береді.

ҚР-дағы ойын қызметі кәсіпкерлік қызметтің лицензиялауға жататын түрі болады. Лицензиялау ақылы негізде жүзеге асырылатын болады. Жоба бойынша ҚР Министрлер кабинеті лицензияның төлем мөлшерін анықтайды.

Казиноның жұмысына Қырғызстанда 2012 жылдан бастап, ал букмекерлік кеңселер мен тотализаторларға 2015 жылдан бастап тыйым салынды. Мемлекет мүлкі мен жиған ақшасынан ұтылған адамдардың туыстарының көптеген наразылықтарынан кейін осындай шешім қабылдауға мәжбүр болды.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео