ДДСҰ: Әлемде коронавирус жұқтырғандар бір аптада 18%-ға өсті

Сурет: pixabay
Соңғы бір аптада әлемде 4,18 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырса, 8,5 мың адам қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметтеріне сілтеме жасап ТАСС жазды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы есепті кезеңде вирус жұқтырғандар мен өлім саны тиісінше 18% және 3% өскенін атап өтті.

Ұйымның апталық бюллетенінде «аптасына тіркелген жаңа жағдайлардың саны наурыздан бері байқалған азаю тенденциясынан кейін артты» деп жазды.

Өткен аптамен салыстырғанда жұқтырғандар санының ең көп өсімі Шығыс Жерорта теңізінде (плюс 47%), Еуропада (плюс 33%) және Оңтүстік-Шығыс Азияда (плюс 32%) тіркелді. Алайда Африкада аурушаңдық айтарлықтай төмендеді (минус 39%). Өлім-жітімнің өсуі Шығыс Жерорта теңізінде (плюс 22%), Оңтүстік-Шығыс Азияда (плюс 15%) және Америкада (11%) тіркелді. Бұл ретте Батыс Тынық мұхиты аймағында (минус 6%), Еуропада (минус 5%) және Африкада (минус 1%) төмендеді.

Аптасына жұқтырғандардың ең көп саны АҚШ-та (701 855), одан кейін Германияда (504 655), Бразилияда (349 791), Италияда (340 012) және Қытайда (333 926) тіркелді.

COVID-19
ДДСҰ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Көлік министрлігі ақпараттық жүйені пайдалануды 2027 жылғы 1 маусымға дейін тоқтатты

Қазақстанда әскери есепке алу ережелері өзгерді

"Қорғас" ШЫХО кіру және шығу үшін қандай құжаттар қажет: Қазақстан азаматтары үшін маңызды ақпарат

Білім беру гранттарының конкурсы: абитуринеттер қандай құжаттар тапсыру керек