Қарақалпақстандағы жағдай сыртқы күштердің көмегімен ұйымдастырылды – елші

Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев брифингте Нүкіс қаласында болған оқиғаның себептерін тергеу барысы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Нүкіс қаласында 1-2 шілдеде Өзбекстан Республикасының конституциялық құрылымына, территориялық тұтастығына және бірлігіне нұқсан келтіру әрекеті жасалды. Құзырлы органдардың алдын ала жүргізген тергеу нәтижелеріне сүйеніп айтарым, Нүкіс қаласында болған тәртіпсіздіктер сыртқы күштердің көмегімен ұйымдастырылған. Оқиғалар кездейсоқ емес, алдын ала дайындалған. Бұл заңсыз әрекеттер сепаратизмді қоздыруға, бейбіт, біртұтас, демократиялық елді тұрақсыздандыруға және бөлшектеуге бағытталған алдын ала жоспарланған диверсияның айқын белгілерін көрсетті. Саидикрам Ниязходжаев

Елшінің айтуынша қазіргі уақытта тергеу құпиясы егжей-тегжейлі мәлімет беруге мүмкіндік бермейді, бірақ ұсталғандар арасында Өзбекстан азаматы емес және Қарақалпақстан астанасында кездейсоқ жүрмеген азаматтар бар.

Осыған байланысты Өзбекстанның құқық шеңберінде және заң негізінде әрекет еткенін айта кету керек. Өзбекстан үкіметінің Қарақалпақстандағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған барлық шаралары, ең алдымен, адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қауіптің алдын алуға бағытталған. Саидикрам Ниязходжаев

Сондай-ақ елші тәртіпсіздіктің қатыгездігі адамдардың санасын манипуляциялаушы топтардың әрекетінің нәтижесі екенін, сондықтан оны бейбіт шеру деп бағалауға болмайтынын айтты. Конституцияға енгізілетін өзгерістерге қатысты пікір білдіруден басталған митингілер, оның айтуынша, деструктивті элементтердің ықпалының күшеюінен басқа деңгейге өтті.

Қарақалпақстан Республикасы Өзбекстанның құрамында. Бұған дейін бірқатар қалалар мен ауылдардан келген қарақалпақтар ұсынылған өзгерістерге келіспейтіндіктерін білдірген видеохабарламалар таратты.

Нүкістегі тәртіпсіздіктер кезінде 18 адам қаза тапты - Өзбекстанның Бас прокуратурасы

1 шілдеде Қарақалпақстан азаматтары Нүкіс қаласында шеру жасап, одан кейін орталық базардың аумағына жиналып, заңсыз шеру ұйымдастырды.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 2022 жылғы 3 шілде мен 2 тамыз аралығында Қарақалпақстанда төтенше жағдай жариялау туралы жарлық шығарды.

Қазіргі кезде Нүкіс қаласындағы жағдай толығымен тұрақтанды.

Өзбекстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: